KZ
Смотреть промо-ролик
Бос орынға өтінім қалдырыңыз
10238дней
производим муку

Технологиялар

Технологиялар

«Дани-Нан» компаниясы өнімнің сапасын оны өндірудің әр кезеңінде мұқият қадағалап отырады. Сапаны бақылау үшін кәсіпорында бидайды сатып алудан бастап бөлшек сауда дүкендерінің сөрелеріне түпкілікті өнім түскенге дейінгі барлық кезеңдерде әрбір өнімнің қасиеттері мен сипаттамаларын бағалауға және бақылауға мүмкіндік беретін озық технологиялар мен жабдықтармен жабдықталған арнайы зертханалық-зерттеу қызметі құрылды.

Әр кезеңде сапаны бақылау
  • Өнімнің жоғарғы
    сапасы
  • Құрамында
    ГМА жоқ
  • Меншікті
    зертхана
  • Автоматтандырылған
    өндіріс

1 кезең

  • Астық қабылдау
  • • Тасымалдаудан кейін астықтың жай-күйін бақылау технологиясы
  • • Жұқпалардың, ылғалданудың болмауын тексеру

2 кезең

  • Астықты іріктеу
  • • Оптикалық сұрыптау технологиясы
  • • Ұн тарту аппаратына тек үздік астық жіберіледі

3 кезең

  • Ұнтақтау
  • • Өңдеу процесін бастамас бұрын астық бірнеше көрсеткіштер: түсі, иісі, табиғаты, дәнмаңыз, протеиндер бойынша тексеріледі.

4 кезең

  • Зертхана
  • Ұнның сапасын меншікті зертханасының тәжірибелі технолог мамандары растайды. Кіретін шикізатты бақылау жоғары дәлдіктегі заманауи жабдықта жүзеге асырылады, ол ұнның қасиеттері мен оның пісіру қасиеттері туралы толық ақпарат береді.
    Біздің жоғары технологиялық зертханамыздың басты міндеті – өндірістің әрбір кезеңінде бақылауды жүзеге асыру. Шикізатты кірістік бақылау, аралық және дайын өнімді тексеру - мұның бәрі болашақ тұтынушыларды жоғары сапалы ұнмен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

5 кезең

  • Өлшеп қаптау, сақтау
  • • Ұн алдыңғы қатарлы өлшеп қаптайтын қондырғыларда өлшеп қапталады
  • • Ұнды тығыздалудан және қышқылданудан қорғау кепілдігі.
Диірменде белгілі неміс және итальяндық өндірушілердің, өз салаларындағы көшбасшылардың жабдықтары орнатылған. Жаңа өндірісті автоматтандыру деңгейі шамамен 90% құрайды.
Астық пен ұнның инфрақызыл анализаторы құрылғысы рекордтық уақытта, 1 минуттан аз уақыт ішінде, астықтың, ұнның және басқа да өңделген өнімдердің сапасын дәл анықтауға мүмкіндік береді. Зертханалық бақылаудың осы кезеңінде ақуыз мөлшері, күлділігі, дәнмаңызы, ылғалдылығы сияқты көрсеткіштер өлшенеді.
Шикізат сапасының келесі маңызды көрсеткіші – зақымдалған крахмал мөлшері. Крахмалдың зақымдану дәрежесі ұнның су сіңіру қабілетін анықтайды және сәйкесінше болашақ пісіру мен басқа да ұн өнімдерінің дәмі мен сыртқы түріне әсер етеді. Бұл көрсеткіштің оңтайлы деңгейі француз өндірісінің толық автоматты жабдықтарында бақыланады.
Альфа-амилаза ферменттерінің астық пен ұндағы белсенділігін көрсететін құлау санын анықтау дәлдігі жоғары швед жабдығында жүзеге асырылады. Альфа-амилазаның белсенділігі неғұрлым төмен болса, бидайдың сапасы соғұрлым жоғары болады. Альфа-амилаза ферменті крахмалды бұза отырып, астықтың өну процесінде белсендіріледі. Альфа-амилазаның белсенділігі жоғарылаған ұн аз сақталады, ал пісірме онша үлпілдек емес және құрғақ болады.

Коммерциялық ұсынысқа тапсырыс беру

1000 characters left
© 2021 Dani Nan. Все права защищены. | Веб-студия Biggrin