KZ
Смотреть промо-ролик
Бос орынға өтінім қалдырыңыз
10237дней
производим муку

Холдинг туралы

Холдинг туралы

«Дани Нан» холдинг компаниясы - бұл тұрақтылық пен үздіксіз өсудің үлгісі. 25 жыл ішінде ұн өндірісі ешқашан тоқтаған емес. Бұл өз жолымызда біздің басымыздан қиындықтар өтпеді дегенді білдірмейді. Бұл бедел біз үшін ең маңызды құндылық екенін білдіреді.

Біз инвесторлармен, серіктестермен, жеткізушілермен және қызметкерлермен өз қарым-қатынастарымызды осы байланыстар өзара тиімді болатындай және жасампаздық пен өсуге жетелейтіндей етіп құрамыз.

Марапаттар

Біздің компанияның беделі мен жоғары сапалы өнімдері көптеген сертификаттар мен құрметті наградалармен расталады. Біз керемет сапалы өнімді мәжбүр болғандықтан емес, бұл компанияның миссиясы болғандықтан жасаймыз.
«Алтын көшбасшылар»
«Жыл таңдауы» 2009
Сапа көшбасшысы - 2017
«Халық маркасы»
«Ұн тарту өнімдері» 2015
«Халық маркасы»
«Ұн тарту өнімдері» 2015

Өндіріс

    • Жылына 140 000 тонна астық
    • Қазақстан нарығында 25 жыл
  • Біз Компанияның қаржылық тұрақтылығы ― бізді серіктес немесе жеткізуші ретінде таңдайтындар үшін ең маңызды көрсеткіш екенін жақсы түсінеміз және біз «Дани Нан» компаниясы тек ұн шығарып қана қоймай, сонымен қатар мінсіз қаржылық беделге ие қуатты қазақстандық холдинг болып қалуы үшін барлығын жасаймыз.
    «Дани Нан» холдингі ― бұл қазақстандық фермерлерді қолдау идеясымен біріктірілген компаниялардың тұтас тобы ― біз қазақстандық өндірілген шикізатты ғана пайдаланамыз және қасиеттері мен сапасы бойынша бірегей өнім шығарамыз.
    • >200 тәжірибелі қызметкер
    • Тәулігіне 430 тонна астық
  • Көптеген жылдар бойы біз қалдықтарды азайту бағытында еңбек етудеміз: ұн өндіруге жарамсыз жанама өнім мал азығына айналады. Компанияның құндылығы-біздің мамандар. Біз барлық деңгейдегі қызметкерлер үшін даму және мансаптық өсу үшін жағдай жасаймыз. Соңғы өнімнің сапасы тек шикізат пен жабдық емес екенін түсінеміз. Бізге компанияның әрбір маманы жаңа білім мен тәжірибе алып, ортақ іске өз үлесінің маңыздылығын ұғынуы маңызды.
  • Корпоративтік әлеуметтік
    жауапкершілік

  • Компанияның КӘЖ-і бизнестің жалпы экономикалық және әлеуметтік өмірде маңызды рөл атқаратындығына негізделген. «Дани Нан» ЖШС-да біз қоғам тап болып отырған қиындықтарды шешу үшін бізден белсенді іс-қимылды талап ететінін түсінеміз. «Дани Нан» ЖШС әр түрлі әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру үшін мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдармен (ҮЕҰ) белсенді ынтымақтастық жасайды.
    Компанияның КӘЖ екі негізгі салаға бағытталған: жергілікті қоғамдастықтарды қолдау және қоршаған ортаға әсерді азайту.

Коммерциялық ұсынысқа тапсырыс беру

1000 characters left
© 2021 Dani Nan. Все права защищены. | Веб-студия Biggrin