-
1996 – Наубайхананың ашылуы.
Тапшы уақытта қаладағы ең ірі екі наубайхананың бірі болдық (күніне 10 тонна ұн пайдаланылды).2000 – тәулігіне 130 тонна астық көлемінде қайта өңдеу өндірістік қуатымен бірінші диірменді іске қосу.
-
2005 – сақтау көлемі 24,000 тонна астық меншікті элеваторды іске қосу (фото ұсынылады). Меншікті элеваторды іске қосу компанияға шикізаттың жетіспеу тәуекелін, тиісінше, өндірістің тоқтауын болдырмай астықтың үлкен қорына ие болуға мүмкіндік берді.
2006 – облыс әкімі өткізген «Оңтүстік Қазақстан облысының үздік тауары» номинациясы бойынша жүлделі орынды жеңіп алды.
-
2008 – Елбасының Шымкент қаласы кәсіпкерлерімен кездесуі кезінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті алдында өнімді таныстыру.
2009 – «Жыл таңдауы» байқауындағы жеңіс. Байқау Қазақстанның тауарлар мен қызметтер нарығының көшбасшыларын анықтайды.
2010 – тәулігіне 300 тонна астық көлемінде қайта өңдеу өндірістік қуаты бар екінші диірменді іске қосу. Брендтің өсіп келе жатқан танымалдығы барлық сатып алушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін тауар өндірісін ұлғайтуды талап етті.
-
2015 – «Дани-нан» ЖШС «Халық маркасы» тұтынушылық тану жалпыұлттық байқауына қатысты. Байқау қорытындысы бойынша ең көп дауыс жинаған «Dani-Нан» сауда маркасы «Ұн тарту бұйымдары» номинациясында жеңімпаз атанды.
2016 – «Дани-Нан» ЖШС өзінің бүткіл жұмыс істеген уақытында алғаш рет 1 миллион тонна астықты қайта өңдеу белгісіне өтті.