Марапаттар
«Жыл таңдауы» 2009
«Ұн тарту өнімдері» 2015
«Ұн тарту өнімдері» 2015
Біз мықты әрі адал серіктестермен ынтымақтастыққа мүдделіміз, әрқашан дамудың жаңа жолдарын іздеудеміз және жоғары сапалы қазақстандық ұнды өндіру үшін елеулі қуаттарға, айқын құрылымға және барлық қажеттіге иеміз.
Егер сіз инвестор, серіктес немесе жеткізуші ретінде бізбен ынтымақтастыққа мүдделі болсаңыз, біз бірлесіп даму мүмкіндіктерімен танысуға және талқылауға қуаныштымыз.
«Дани-Нан» компаниясы өнімнің сапасын оны өндірудің әр кезеңінде мұқият қадағалап отырады. Сапаны бақылау үшін кәсіпорында бидайды сатып алудан бастап бөлшек сауда дүкендерінің сөрелеріне түпкілікті өнім түскенге дейінгі барлық кезеңдерде әрбір өнімнің қасиеттері мен сипаттамаларын бағалауға және бақылауға мүмкіндік беретін озық технологиялар мен жабдықтармен жабдықталған арнайы зертханалық-зерттеу қызметі құрылды.
Бізбен жұмыс істегіңіз келеді, бірақ қолайлы бос орын таппадыңыз ба?
Өзіңіз туралы Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.ке жазыңыз
«Дани Нан» холдинг компаниясы табиғи ингредиенттерді қолдана отырып, ең жақсы сапалы өнімді шығару, тарату және сату үшін құрылған. Сонымен қатар, біздің мақсатымыз ― ауыл шаруашылығын жүргізудің тұрақты әдістерін қолдайтын іскерлік тәжірибені ілгерілету.
Компания миссиясының маңызды тармағы мүдделі тараптардың қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады. Мүдделі тараптар тек компания менеджменті ғана емес, сонымен қатар тұтынушылар, қызметкерлер, инвесторлар, жеткізушілер және үкіметтік ұйымдар болып табылады Біз барлық тараптардың әртүрлі қажеттіліктерін ескерместен тұрақты өсу мүмкін емес деп санаймыз.
1996 – Наубайхананың ашылуы.
Тапшы уақытта қаладағы ең ірі екі наубайхананың бірі болдық (күніне 10 тонна ұн пайдаланылды).
2000 – тәулігіне 130 тонна астық көлемінде қайта өңдеу өндірістік қуатымен бірінші диірменді іске қосу.
2005 – сақтау көлемі 24,000 тонна астық меншікті элеваторды іске қосу (фото ұсынылады). Меншікті элеваторды іске қосу компанияға шикізаттың жетіспеу тәуекелін, тиісінше, өндірістің тоқтауын болдырмай астықтың үлкен қорына ие болуға мүмкіндік берді.
2006 – облыс әкімі өткізген «Оңтүстік Қазақстан облысының үздік тауары» номинациясы бойынша жүлделі орынды жеңіп алды.
2008 – Елбасының Шымкент қаласы кәсіпкерлерімен кездесуі кезінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті алдында өнімді таныстыру.
2009 – «Жыл таңдауы» байқауындағы жеңіс. Байқау Қазақстанның тауарлар мен қызметтер нарығының көшбасшыларын анықтайды.
2010 – тәулігіне 300 тонна астық көлемінде қайта өңдеу өндірістік қуаты бар екінші диірменді іске қосу. Брендтің өсіп келе жатқан танымалдығы барлық сатып алушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін тауар өндірісін ұлғайтуды талап етті.
2015 – «Дани-нан» ЖШС «Халық маркасы» тұтынушылық тану жалпыұлттық байқауына қатысты. Байқау қорытындысы бойынша ең көп дауыс жинаған «Dani-Нан» сауда маркасы «Ұн тарту бұйымдары» номинациясында жеңімпаз атанды.
2016 – «Дани-Нан» ЖШС өзінің бүткіл жұмыс істеген уақытында алғаш рет 1 миллион тонна астықты қайта өңдеу белгісіне өтті.
Мекен-жайы:
Қазақстан Республикасы, 160009,
Шымкент қ.,
К. Цеткин көш., 5 үй
Сату бөлімі
Шымкент +7 701 525 61 11
Алматы +7 701 783 19 08
Кеңсе менеджері
+7 (7252) 44 30 00
Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Филиалы
Алматы қаласы, Илийский тракт 617а, 2 қабат
ұялы телефон: +7 701 989 26 55 – сату бөлімі
ұялы телефон:+7 701 783 19 08 – бухгалтерлік есеп
E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
100% қазақстандық астық
100% қазақстандық астық
100% қазақстандық астық
«Дани Нан» холдинг компаниясы - бұл тұрақтылық пен үздіксіз өсудің үлгісі. 25 жыл ішінде ұн өндірісі ешқашан тоқтаған емес. Бұл өз жолымызда біздің басымыздан қиындықтар өтпеді дегенді білдірмейді. Бұл бедел біз үшін ең маңызды құндылық екенін білдіреді.
Біз инвесторлармен, серіктестермен, жеткізушілермен және қызметкерлермен өз қарым-қатынастарымызды осы байланыстар өзара тиімді болатындай және жасампаздық пен өсуге жетелейтіндей етіп құрамыз.